KZ
Өскемен
+8°
переменная облачность Штиль
478.93 534.96 5.16

Өскеменде жаңадан ашылатын "Самал" саябағы қандай болады?

15.10.2018, 12:22 145

Аймақ басшысы Даниал Ахметов облыс орталығында бой көтеріп келе жатқан "Самал" саябағы қандай болуы керектігін айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.



Естеріңізге салайық, жаңа саябақ бұрындары Октябрь аралы деп аталған жерде салынып жатыр. Оның құрылысына шамамен 680 миллион теңге бөлінген екен. Бұл қаражат саябақ аумағында  заманауи жағажай, түрлі спорттық нысандар, жүгіру жолақтары, велосипед жолы, балалар алаңқайлары сияқты нысандар салуға бағытталмақ. Мұнда тіптен, қайықпен серуендеуді, байдарка, каноэмен ескек есуді ұнататын адамдарға арналған су арнасы да болады. Бүгінде саябақтың сыртында 200 автомобильге шақталған көлік тұрағы да салынып қойыпты. Нысанды аралап көрген облыс әкімі автотұрақты бұдан да үлкейте түсу керектігін айтып, құзырлы мекемелерге тиісті тапсырмалар берді.


- Бұл саябақты қаладағы басқа парктерден оның табиғаты ерекшелеп тұруы тиіс. Бұл жердегі ағаштарды да, қалың қамысты да сол қалпында қалдырыңыздар. Саябақтың ішіне түбегейлі өзгертулер енгізудің еш қажеті жоқ. Тек ең қажеттісін жасасақ болғаны. Ең бастысы қала тұрғындары үшін бұл саябақтың есігі қысы-жазы ашық болуы тиіс, - деген аймақ басшысы төрт айда атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, нысан келесі жылдың мамыр айында қолданысқа берілуі керектігін айтты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив