KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
485.11 523.82 5.02

Қазан қаласында ШҚО әкімі Татарстан президентімен кездесті

12.10.2018, 15:02 167

Бүгін шығысқазақстандық делегацияның Татарстанға ресми сапары аясында Қазан қаласында "Тайқазан" мүсіндік композициясы салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Қазан қаласынан.


Ескерткіштің ашылу салтанатына Татарстан Республикасының Президенті Р. Минниханов пен ШҚО  әкімі Д.Ахметов қатысты.


Қазан қаласындағы Н.Назарбаев көшесі мен Качалов көшелерінің қиылысында орналасқан "Вечная Страна" скверінде ашылған мүсіннің ашылу салтанатында Татарстан Республикасының Президенті Р. Минниханов сөз алып, осынау ескерткішті сыйға тартқан облыс басшысына үлкен алғысын білдірді. Өз кезегінде Д. Ахметов та осынау мүсіндік композициясының үлкен мәні бар екенін жеткізді.


Тайқазан - бұл аппақ көңілдің, байлық пен берекенің белгісі, - деген облыс басшысы екі жақты ынтымақтастықтың бұдан әрі дами беретініне сенімді екенін айтты. Бұдан кейін туыстас екі өңірдің басшылары Қазан Кремлінде екіжақты ынтымақтастықтың мән-жайын талқылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив