KZ
Өскемен
+3°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОБ
492.14 528.85 5.01

Бақытжан Сағынтаев: Семейліктердің тұрмыс сапасын арттыру керек

10.10.2018, 10:32 45

Семей сапары аясында Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев,  Қарағайлы шағын ауданына да аялдады. Мұнда Премьер-Министр, құрылыс қарқынына қанығып су жаңа ауданның жоспарымен танысты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Қарағайлы шағын ауданының жалпы көлемі 203, 0 гектарды құрайды. Жоспарға сәйкес, тұрғын үй қоры 787, 7 мың шаршы метрден асуы тиіс. Бұл дегеніміз 25 мыңнан астам қалалықтың басапанамен қамтылатынын білдіреді. Мәселен ауданда жалпы көлемі 29, 8 мың шаршы метр болатын 8 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы қолға алынды. Шамамен 500-ге тарта пәтер кілті табысталады деп көзделуде. Оған республикалық бюджеттен 2 841, 596 млн теңге, сол секілді облыстық қазынадан 1 535, 128 млн теңге бөлінді. Бұған қоса «Фирма «Азия» ЖШС, Қарағайлыда 72 пәтерлі үш тұрғын үйдің құрылысын бітіріпті. Оны да тапсыру сәті алыс емес. Сонымен қатар серіктестік, 108 пәтерлі және тағыда 72 пәтерлі екі көп қабатты тұрғын үйдің құрылысын бастаған екен. Оларды келер жылы табыстамақ ниетте. Бұдан басқа аймақ басшысы Бақытжан Сағынтаевқа, «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша қолға алынған жұмыстармен таныстырды.


- Үкіметтің тапсырмасына сәйкес, жеке тұрғын-үй құрылысына дайындық жұмыстары әзірленуде. Бұл ретте кезекте 23 мың адам тұрғанын атап өту керек. Осыған орай 4 үлкен аудан таңдалып отыр. Ақсай және Ұшақтар елді мекеніндерінде инфрақұрылым жүйлері реттелуге жақын. Көріп тұрғаныңыздай, 6 түрлі жоба дайын. Өзіңіз тапсырған біріңғай үлгідегі жобаларымыз бар. 1 шаршы метрдің құны 120 мың теңгеге шағады. Сұраныс жоқ емес. Бұл шаһарда «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде» 39 мың адам кезекте тұр. Олардың ішінде 2400 адамда жинақ қоры 20%-дан асады, - деп атап өтті Даниал Ахметов.


Дегенмен Үкімет жетекшісі, тұрғын үй құрылысын ілгерілетуге байланысты өз ойында білдірді. Анығын келтіргенде, Бақытжан Сағынтаев «7-20-25» бағдарламасын іске асыру үшін коммерциялық баспаналар көптеп салыну керектігін айтты. Әйтсе де, Премьер-министр Семейдегі өмір сапасының төмендеу екендігін жасырмады. Сол себепті жергілікті истеблишментке, бұл бағыттағы жұмысты ширатуға кеңес берді.


- Кезекте 39 мыңдай адам тұрғанын айттыңыз. Коммерциялық үйлер бой көтерсе, аталған резиденттер «7-20-25» бағдарламасында пайдалану мүмкіндігіне ие болады. «Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкінің» бағдарламасына енгендер жетерлік. Алайда қарапайым адамдар аз. Осыған қарап өмір сапасының төмен екендігін аңғаруға болады. Жұмыс істеу қажет, - деген бас министр, Ермак Сәлімовке назарын бұрды.


Сол сияқты Бақытжан Сағынтаев, ауданның көзайымына айналатын «Абай-Арена» мәдени-спорттық кешенінің құрылысын бағамдады. Әмбебап құрылым бір мезетте бірнеше спорттық жарысты өткізуге мүмкіндік бермек. Мұнда халықаралық талапқа келетін 50 және 25 метрлік жүзу бассейіндері салыну үстінде. Тұтастай «Абай-Арена» 5 мың көрерменді қабылдауға қауқарлы. Соңында Премьер-министр, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде бой көтерген 320 орынға шақталған жаңа балабақшада болды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив