KZ
Өскемен
-4°
плотный туман жел 1 м/с, ОШ
485.04 525.98 5.04

Ресейде табылған ШҚО сарбаздарының сүйегі қайта жерленетін болды

9.10.2018, 10:05 151

ШҚО-дан шыққан Ұлы Отан соғысының сарбаздары Тула облысының Алексинский ауданына қарасты Горушки ауылының маңынан шілде айында табылған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Соғыста қаза болған сарбаздардың сүйегін Ясногорск қаласының "Лаптевский боевой участок" деп аталатын іздеу отряды тауып отыр. Оған қоса бірнеше солдат медальондары да табылыпты.


Аталған елді мекенде 1941 жылдары Семейде құрылған 238 атқыштар дивизиясы шайқасқан.


Іздеу отрядының қызметкерлері медальондардағы жазу арқылы қаза болғандардың аты-жөнін анықтады. Оның екеуі Қазақстанның тумасы болса, біреуі Лениногор аудандық әскери комиссариаты (қазіргі Риддер қаласы) арқылы шақыртылған болып шықты. Қазіргі таңда Катонқарағай ауданының тумасы болған Николай Белоглазовтың жұбайы, ұлы мен келіні табылған екен. Лениногордан шақыртылған Николай Сафронов туралы мәліметтер Риддер қаласының әкімдігінен сұратылып отыр. Тағы бір сарбаз Екатерина Блинова Үлкен Нарын әскери комиссариатынан шақыртылыпты.


Табылған сарбаздардың сүйегі 17 желтоқсанда Алексин қаласында қайта жерленетін болды. Тула облысындағы "Искатель" іздеу орталығының мамандарғы оған дейін қалған сарбаздардың туыстары табылып, жерлеу рәсіміне қатысар деп үміттеніп отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив