KZ
Өскемен
+3°
облачно с прояснениями жел 8 м/с, ОБ
492.14 528.85 5.01

Бесқарағайда жемқорлыққа қатысты іс қаралды

9.10.2018, 07:02 200

Бесқарағайда білдей бір бөлімнің бас маманы, қызметімен қош айтысуға жақын. Бұған тағыда сол, қоғам дертіне айналған жемқорлық әрекеті себеп болып отыр. Бұл жөнінде еңбек ұжымдарында қылмыстық іс-әрекеттерді, сондай-ақ басқада заң бұзушылықтарды алдын алуға бағытталған кездесуде айтылды.


Анығын айтсақ, басқосуда аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманын лауазымды қызметінен босату туралы мәселесі қаралды. Осыған орай қарағайлы өңірге, Семей аймағы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніңдегі ауданаралық басқармасының басшысы Ғалымжан Кошқарбаев пен аталмыш ведомстваның, тергеу бөлімінің аса маңызды істері бойынша тергеушісі Қуаныш Мейрамханов арнайы келді.


Алқалы басқосуға аудан әкімі бастаған жергілікті  истеблишмент (билік өкілдері) таялы тұяғы қалмай жиналды.


Әзірге жетекші маманның нақты қандай қадамға барғаны беймәлім. Дегенмен ол, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңын елемей, қылмыстық әрекетке жол берген үшін айыпталуда.


Сол секілді отырыста, қылмыстық және басқада заңнамалық құқық бұзушылыққа итермелейтін жағдайларды шеттету туралы 2018 жылғы 29 қыркүйектегі №8-3-2-2/4540 ұсынысының орындалуына қатысты, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Жұмакелді Бопаев тындалды. Талқылаудан соң, барлық ұсыныстарға сәйкес хаттама толтырылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив