Хабибтің көліктері: Приорадан бастап Тойотаға дейін
Хабиб Нурмагомедов аралас жекпе-жек өнерінің жанкүйерлеріне жақын таныс. Әлбетте, кеше ғана Конор Макгрегордан айласын асырған дағыстандық спортшының атақ-абыройы тіптен аспандай түскені анық. Ендеше UFC-дің чемпионында темір тұлпарлардың қандай түрлері болды?
Колеса кз сайты жарялаған мәліметтерге сүйенсек, Нурмагомедов өзінің жүргізушілік жолын ақ түсті Lada Priora-дан бастаған. Бірақ онымен ұзаққа бармады. Әртүрлі дереккөздің мәліметі бойынша, «Приораны» не кезекті жарысқа қатысу үшін сатып жіберген немесе шағып тастаған.
Lada Priora-кейін ескі Mercedes-Benz-ді тізгіндейді. Алайда тақымының желі бар дағыстандық жігітке неміс машинасы да төзе алмаған сынды. «Мерседес» те сынып біткен. Екінші "мерс" те осымен тағдырлас.
Миллиардер Зиявудин Магомедов сыйлаған спорткар Mercedes-AMG GT S-те жол апатына душар болған. Тек оның рулінде Хабиб емес, жанындағы тентек достарының бірі болса керек.
Хабибтің мерседестермен қатар бавариялық көліктерге де көңілі әуес. BMW6 сериялы автокөлігінің де иесі атанады. Бұл бағалы көліктің кейінгі тағдыры беймәлім.
Нурмагомедов тепкен соңғы көліктердің тізімінде Хасавюрт ауданының басшысы Жамболат Салавов сыйлаған Lada Vesta мен шілдеде сатып алынған су жаңа Toyota Land Cruiser 200 бар.