KZ
Өскемен
+3°
облачно с прояснениями жел 8 м/с, ОБ
492.14 528.85 5.01

Виктор Храпуновтың ШҚО-дағы мүлкі тәркіленді

9.10.2018, 05:20 86

Кеше Виктор Храпунов пен оның жұбайы Лейла Храпуноваға қарсы сот процессі өткен еді. Енді Храпуновтар отбасының Қазақстандағы дүние-мүлкі толық тәркіленіп жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Естеріңізге сала кетсек, сот үкімі бойынша экс-әкім Виктор Храпунов 17 жылға сотталса, Лейла Храпуноваға 14 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған болатын. Сондай-ақ, олардың дүние-мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынып отыр.


Айта кетсек, Алматының элиталы ауданындағы жеке меншік үй мен вилла, 10 пәтер, «Самал» ықшам ауданындағы көлік тұрағында үш орын және Әл-Фараби даңғылының бойында бірнеше гараждары, Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы үш жер телімі тәркіленіп алынды. Сондай-ақ, Храпуновтардың Шығыс Қазақстанда да талай мүлкі бар екен: Өскемен қаласында төрт жер телімі және кеңсе ғимараты, Көкпекті ауданында үш жер телімі.


Бұлардан бөлек, Храпуновтың бақылауындағы компаниялардың шотындағы және шотына түсіп жатқан қаржы да тәркіленбек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив