KZ
Өскемен
+2°
облачно с прояснениями жел 8 м/с, ОБ
492.14 528.85 5.01

Виктор Храпунов 17 жылға сотталды

8.10.2018, 10:54 119


ШҚО-ның әкімі болған Виктор Храпунов 17 жылға сотталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


– Виктор Храпунов кінәлі деп танылып, оған 17 жыл бас бостандығынан айыру туралы жаза белгіленеді. Дүние-мүлкі тәркіленеді. Сондай-ақ Ұлттық банкке және өзге де мемлекеттік ұйымдар мен мекемелерге қызметке орналасу құқынан айрылады, – деп үкім оқыды судья.



Сонымен қатар В.Храпунов барлық марапаты мен ордендерінен айрылды. Ал оның жары Лейла Храпунова 14 жылға, күйеу баласы 5 жылға сотталып отыр.


Қазақстаннан 2007 жылы кетіп қалған айыпталушыларға қатысты соңғы сот ісі сырттай жүргізілді.


Храпуновтардың ісі бойынша 200 куәгер сөз сөйлеп, 400 том материалдық іс толтырылған екен. Бұдан бөлек мемлекеттік мекемелер мен Храпуновтардың бақылау компанияларында жұмыс істеген тағы 9 адам айыпталушы орындығында отырған.


Естеріңізге саламыз, ерлі-зайыпты Храпуновтар мемлекет мүлүгін талан-таражға салу, алаяқтық, қызметін асыра пайдалану, пара алу және ұрланған мүлікті жария ету фактілері бойынша айыпталған.


Айта кетейік, Храпуновтар мемлекетке 250 млн доллар шығын келтірген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив