Егер шенеуніктер дұрыс жұмыс істемесе орнына шетелдік мамандарды тарту керек, деді Елбасы
Егер үкімет басындағылар нәтижелі жұмыс жүргізбесе, олардың орнын шетелдік мамандармен алмастырамыз. Бұл туралы Президент өзінің Жолдауында айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
– Салалық басқармаларда үздік тәжірибелерді пайдалануымыз керек. Шет елдерден мамандарды іздеуіміз керек. Мәселен, Сингапур әлем бойынша зейнетке шыққан мамандарды іздеп, жан-жақтан аттай қалап алдырған. Ал бізде қалай? «Эйр Астананы» кім басқарады? Англиялық! Назарбаев университетін кім басқарады? Жапондық! Қараңыздар! Егер нәтижелі жұмыс жүргізбесеңіздер, орындарыңызды шетелдіктер басады, – деді Президент.
Оқи отырыңыз