KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 1,4 м/с, З
483.23 534.74 5.12

Президент Қазақстанның Израиль мен Оңтүстік Кореяға ұқсағанын қалайды

14.02.2019, 03:38 166

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Израиль мен Оңтүстік Кореяға ұқсағанын қалайды. Бұл туралы мемлекет басшысы «100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздарымен кездесуде айтты. Бұл туралы Zakon.kz жазады.


– Израиль мен Оңтүстік Кореяға ұқсасақ жаман болмаймыз. Оңтүстік Корея – нағыз іскерлер елі. Ол үшін біз баламызды 5 жасқа дейін жақсылап тәрбиелеуіміз керек. Мәселен, жапондар мен кәрістер баланы ұрып, соқпайды. Түсіндіреді. Сәл есейгенде жұмыс істетеді. Біз де осылай тәрбиелеуіміз керек. Кейін кеш болады, – деді Президент.


– Ең алдымен еңбек! Әкең бай болса да, одан қалған мұрада береке болмайды. Мұны өз тәжірибемнен көрген соң айтамын. Күніне 10-20 миллиардтап ақша табатын байларды бақытты деп айтпас едім, – деп сөзін жалғады Нұрсұлтан Әбішұлы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив