KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 5 м/с, ОШ
485.11 523.82 5.02

Өскемендегі аулалардың бірінде электр кабелі ашық-шашық жатыр

21.05.2018, 08:43 149

Өскемендегі Протозанов көшесінің бойында электр желілерін ауыстырған мекеме жөндеу жұмыстарынан кейін шұңқырды қайта жаппаған, ашық-шашық сымдар ауладағы ойын балалары үшін үлкен қауіп төндіріп тұр, деп хабарлайды Алтайньюс.


Электр желілерін жөндеу жұмыстарын ШҚ АЭК қызметкерлері жүргізген.


№31 үйдің тұрғындарының айтуынша, аулада ойнап жүрген балалар түбінде электр кабелдері ашық  жатқан шұңқырға құлап кетуі мүмкін.  Тұрғындар бұл жердің сәуір айынан бастап, жабылмай жатқанын да жеткізді.


Осы мәселе бойынша ШҚ АЭК баспасөз хатшысы Алексей Проскуряков бүгін түстен кейін ауладағы қауіпті шұңқырдың жабылатынын айтты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив