KZ
Өскемен
облачно с прояснениями жел 3 м/с, Ю
492.22 529.38 5.03

ШҚО-да зейнеткер жұмыс өтілін сот арқылы дәлелдеді

29.09.2018, 12:11 50

Катонқарағай ауданының зейнет жасындағы тұрғынына өзінің жұмыс өтілін сот тәртібінде дәлелдеуге тура келді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Төлемді есептегенде жұмысының үш жылын есепке алмағандықтан, оның тиісті зейнетақысы аз болып қалған екен.


Биыл Қазақстанда зейнетақы реформасы орын алғаны белгілі. Ооған сәйкес, базалық зейнетақы еңбек өтіліне байланысты болмақ, яғни жұмыс өтілі неғұрлым көбірек болса, төлемдер де арта түседі.


Алайда облыстың тұрғындарына еңбек өтілін дұрыс есептемеген жағдайлар бар. Катонқарағай ауданының тұрғыны 1994 жылдан 1996 жылға дейінгі аралықтағы еңбек өтілін есептемегенін айтып, сотқа шағымданып отыр.


Оның айтуынша, Үлкен Нарын ауылындағы нан зауытында төрт жыл бойы автобус жүргізушісі болып қызмет атқарған. Сол төрт жылдың үш жылы еңбек өтіліне қосылмапты.


Анықталғандай, мұрағатқа Үлкен Нарын ауданының құжаттарының тек бір бөлігі ғана түскен екен. Дәл сол көрсетілген жылдар аралығындағы мәліметтер болмай шықты.


Бұл құжаттар зейнеткерге зейнетақысын толық алу үшін қажет. Сол себепті сот зейнеткердің шағымын толық қанағаттандыру туралы шешім шығарды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив