KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 1,6 м/с, З
483.23 534.74 5.12

Қаланы жүйелі түрде, ал аулаларды күн сайын тазалау керек

25.09.2018, 10:43 186

Қаланы жүйелі түрде, ал аулаларды күн сайын тазалау керек, – дейді Өскемен әкімі Жақсылық Омар. Қала басшысының айтуынша, өткізіліп жатқан сенбіліктер – тазалық мәселесін түбегейлі шеше алмайды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


– Ол үшін әр ұйым өз міндетін тыңғылықты атқаруы керек. Коммуналды кәсіпорындар бекітілген көшелер мен жалпықалаға ортақ аумақты, ал ПИК өз аулаларын тазалуы тиіс, – деді Ж.Омар.


Қала әкімі коқыстарды уақытлы тиеп әкетіп тұру үшін, ТҮКШ-ке әрбір жергілікті өзін-өзі басқару комитетіне трактор және жүк тиегіш бекітуді тапсырды. Ал тұрғын үй инспекциясына ПИК-тің аулаларды тазалауын қадағалауды міндеттеді.


Сондай-ақ ұсынылған аумақты таза ұстамайтын коммерциялық нысандар да істі қиындатып отыр. Енді бұл мәселені санитарлық полиция қатаң бақылауға алатын болды. Тәртіп бұзушылар бұдан былай айыпқа тартылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив