KZ
Өскемен
+22°
небольшая облачность жел 2 м/с, В
443.03 480.38 4.91

Қардан тазалау жұмыстары қала әкімінің тікелей бақылауында

21.01.2013, 18:00 134


Өскемен қаласының әкімі Серік Тәукебаев аппарат кеңесінде жергілікті өзін-өзі басқару комитеттері жолдардың жағдайлары мен қоқыстардың уақытында шығарылуы туралы қала әкімінің жеке өзіне жедел хабарлап тұрулары қажеттігін айтты, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сүйеніп.

Қала басшысы осылайша қалалықтармен бірлесе отырып, мердігер ұйымдардың жұмысына қадағалау жасамақшы. Жергілікті өзін-өзі басқару комитеттерінің қызметтері тұрғындардан келіп түскен шағымдарға байланысты бағаланады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, таяу күндері қалың қар түсіп, ауа температурасы жоғары көтерілуі мүмкін. Осыған орай жергілікті өзін-өзі басқару комитеттері мен кондоминиумдарға шатырларды қар мен қатқан мұздардан уақытында тазалау және жиналған қарды аулалардан дер кезінде шығару жөнінде тапсырма берілді.

Үйдің төбелері мен аулаларды қардан тазалау жұмыстары көппәтерлі үйлердің тұрғындары есебінен жүргізіледі.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив