Орталық Азия елдері Ораза айтты бір күнде тойлауы мүмкін
Қырғызстан астанасында Орталық Азия елдерінің мүфтилері ортақ меморандум қабылдады. Қабылданған құжатта Орталық Азияда діни мерекелерді (Ораза айт, Құрбан айт) бір күнге белгілеу көзделген.
Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы Facebook-тегі парақшасында жазды.
Ағабек Қонарбайұлының мәліметінше, қабылданған құжатта Орталық Азияда діни мерекелерді (Ораза айт, Құрбан айт) бір күнге белгілеу, орталықазиялық діни мектепті жаңғырту, ортақ салттар мен дәстүрлі жоралғыларды дамыту, діни экстремизм мен терроризмді алдын алу, адамгершілік құндылықтарды насихаттау, тарихи ортақ нысандарға зиярат жасау, діни кітаптарды аудару, тағы басқа бағыттар бойынша ықпалдасып қызмет ету көзделген.
Мүфтилер осы бағыттар бойынша өзара ықпалдасып қызмет етуге уағдаласты.