KZ
Өскемен
+12°
ясно жел 1,8 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Өскемен тұрғыны "роднойының" есірткісін сатып келген

18.09.2018, 10:02 134

Өскемендегі Меновной кентінің тұрғыны сақтауға және сатуға тиым салынған шөп түрін 10 жыл бойы өсіріп келген.


43 жасар азаматтың үйінен 4 келіден артық марихуана табылды. Бұл ақпаратты полиция қызметкерлеріне өзіне зиянды затты сатып алу ұсынылған азамат жеткізген. Оның айтуынша, бір сіріңке қорабы 1500 теңгеге бағаланған.


Сатып алушы барлығын аудиоға жазып, видеоға түсіріп алыпты.


43 жасар азамат бұрыннан бері анаша қолданатындығын айтыпты. Ал есірткі сату ісін наурыз айында «Роднойы» (өзі солай атаған) ұсынған. Осыған дейін 270 мың теңгенің саудасы өтіпті. Оның 70 мың теңгесі 43 жасар азаматтың еңбекақысы болып есептелген.


Облыстық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сот ҚР ҚК 297 бабына сай, 43 жасар азаматты кінәлі деп тапты. 10 жыл бас бостандығынан айырылып, жазасын қауіпсіздігі жоғарылатылған мекемеде өтейді. Сол жерді есірткіқұмарлықтан емделеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив