"Головкинге тіккен ұтыс үшін өзін-өзі өртеді". Жалған видеоның авторы анықталды
Астана полицейлері Геннадий Головкиннің жеңісіне ұтыс тіккен соң, өзін-өзі өртеп жіберді делінген видео авторын тапты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
– WhatsApp-та таралған видеода автор Астанадағы Күйші Дина көшесінде әлдебіреудің ұтыс үшін өзін-өзі өртегені жайлы айтады. Полицейлер жалған видео авторын анықтады, – деп жазылған елордалық ІІД өкілдерінің хабарламасында.
28 жастағы елорда тұрғыны өртті видеоға түсіріп, оны сыныптастарының чатына тек қызық үшін жолдағанын айтқан.
– Айыпты азамат жалған хабар таратқанын мойындап, қазақстандықтардан кешірім сұрады, – деп мәлімдеді елордалық полицейлер.
ІІД өкілдері жалған хабар таратқандардың қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын тағы еске салады.