KZ
Өскемен
+21°
ясно жел 3 м/с, З
479.05 534.57 5.17

ШҚО тұрғыны жалған хабарлама бергені үшін жауапқа тартылды

13.01.2019, 11:22 124

ШҚО тұрғыны көліктің өртенгені туралы жалған хабар бергені үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Оқиға 2018 жылдың 15 желтоқсанында болған. Белгісіз ер адам 101 кезекші қызметіне қоңырау шалып, Самар-Көкпекті автожолында автокөліктің жанып жатқанын айтады. Онда кезекші күзет жіберілген екен. Алайда айтылған орынға жеткен қызметкерлер жанып жатқан көлікті таба алмаған.


Полиция қызметкерлері жедел іздеу шараларының нәтижесінде жалған хабар берген тұлғаны анықтайды. Белгілі болғандай, К. есімді азамат мас күйінде арнайы қызметке жалған ақпарат берген екен. Оған 68070 теңге мөлшерінде айыппұл салынып отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив