KZ
Өскемен
+3°
переменная облачность жел 5 м/с, Ю
492.22 529.38 5.03

Үкімет пен Ұлттық Банк бірлесіп ауыл шаруашылығын нығайтуды қолға алмақ

14.09.2018, 08:31 111

Жуырда Үкімет пен Ұлттық Банк бірлесіп, аграрлық секторды қолдау мақсатында жаңа шараны қолға алмақ, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Қазір, Экономикалық жаңғырудың үшінші толқыны уақытында, Агроөнеркәсіптік комплекстің маңызы артып келеді. Бұл – стратегиялық сала. Қозғаушы күшіміз біздің. Ендігі мақсат – 5 жыл ішінде Агроөнеркәсіптік комплекстің өнімдерін экспорттауды 2,5 есеге арттыру.


Қазіргі уақытта әлемдік нарық бір қалыпта тұрмай, мың құбылуда. Аграрлық сектор болса, аз-мұз есеңгіреп тұр. Сол себепті Үкімет пен Ұлттық Банк ауыл шаруашылығын қолдап, жаңа жобалар ойласуда. Бұл саланың тың серпінмен қарыштауын мақсат етіп отыр.

Үкімет пен Ұлттық банк "Цеснабанктен" 450 миллиард теңге көлеміндегі ауылшаруашылық несиелерінің портфелін сатып алу тетіктерін қарастыруда. Бұл өз кезегінде банктен қарыз алған агроөндіріс секторы кәсіпорындарының аяғына нық тұруына, сонымен қатар "Цеснабанктің" қаржылық жағдайының жақсаруына жол ашпақ. "Цеснабанк" акционерлері қарыз алушылардың ахуалын жақсартуға өз қаражаттарын құю, яғни қосымша қаржыландыру жасау арқылы қатысатын болады.

Бұл шара аграрлық сектордың алға басуына, несие көлемін ұлғайтуға көмектеседі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив