KZ
Өскемен
переменная облачность жел 2 м/с, Ю
492.22 529.38 5.03

Қазақ жазушысының романы Нобель сыйлығына ұсынылды

13.09.2018, 08:23 173

Қазақстанның халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» романы Нобель сыйлығына ұсынылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бұл туралы Астанада ашылған «Заманауи әлемдегі оқу мәдениеті» 3-ші халықаралық оқу конгресінде ресейлік жазушы, «Художестенная литература» баспасының директоры Георгий Пряхин мәлімдеген.


- Қазақстанда ғажап әдебиет бар. Қазақстан жерінде орыс әдебиетінің тамаша үлгілері де жазылды. Александр Солженицынды жақтырмасаңыздар да, ол бұл жерден нәр алды. Иван Шухов, көптеген орыс тілді жазушылар да осы жерден түледі. Біздің баспамыз Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» романын Нобель сыйлығына ұсынды, - деген Г. Пряхин романда көтерілген мәселенің Қазақстанға, Аралға, Орталық Азияға ғана қатысты емес, адамзатқа ортақ мәселе екенін ерекше атап айтқан.


Оның айтуынша, хат жазғанда жазушының Ұлы Отан соғысының көзі тірі ең соңғы ардагерлерінің бірі екенін де атап көрсетіпті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив