KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, С
480.11 532.25 5.14

Жапон жазушысы «Нобельден» бас тартты

17.09.2018, 06:17 199


Швеция академиясына Харуки Муракамиден электрнды хат түскен. Онда жазушы ұйымға «Нобель» сыйлығы үміткерлері қатарына қосқанына алғыс айта отырып, тізімнен шығарып тастауын өтінген екен.


Жазушы бас тарту себебін жеке шығармашылығына қатысты деп түсіндіріпті.


Академияның мәліметінше, Харуки Мураками – 32 мыңдай қатысушының ішінен іріктеліп шыққан, сыйлықты иеленуге лайық деп сайлап отырған төрт жазушының бірі. Одан өзге үш жазушы: канадалық Ким Тьюи, англиялық Нил Гейман және франциялық Мариз Конде.


Ұйым басшылығы «жазушының бас тартқаны өте өкінішті, десе де, оның шешімін құрметтейміз» дейді.


Харуки Мураками есімі әлемге әйгілі. Ол әдебиет саласы бойынша «Нобель» сыйлығына бір емес, бірнеше мәрте үміткер болған. «Құс фабрикасының жазбалары», «Норвегияның орманы», «Саяжайдағы Кафка» сынды туындылары қазақ оқырмандарына жақсы таныс.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив