KZ
Өскемен
переменная облачность жел 2 м/с, Ю
492.22 529.38 5.03

Қазақстанға Ресейден тұмау "келе жатыр"

13.09.2018, 06:33 129

Қазақстанда күз және қыс мезгілдерінде тұмау тарауы мүмкін, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап. Тұмау вирустары Ресейден таралып жатыр екен.


Ауру түрімен күресу үшін миллиардтан астам теңгеге, Қоғамдық денсаулықты сақтау комитетінің мәліметінше, голландиялық және ресейлік вакцина сатып алынған. Еліміздің бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин тұмаудың аса қауіпті екендігін айтып отыр.


Сондай-ақ, ол жаппай вакцинациялау жұмысы 1 қазанда басталатындығын да айтты. Екпе балаларға, медицина қызметкерлеріне, әлеуметтік қызметкерлерге тегін жүргізіледі. Ал өзгесіне ақылы түрде болмақ.


– Бүгін созылмалы аурумен ауыратын адамдарды егуді бастаймыз. Тегін, – деді Жандарбек Бекшин.

Оның айтуынша, орта есеппен Ресейлік вакцина – 1600 теңге, голландиялық «Инфлювак» вакцинасы 2800 теңге тұрады.


Айта кетейік, жұма күні осы мәселеге қатысты Астанада тағы бір жиын өтеді. Сонда аурудан сақтанудың жолдары толықтай айтылатын болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив