Қазақстанда шекара асу талаптары қатаңдай түседі
Ішкі істер министрлігі «Жеке басты куәландырушы құжаттар туралы» заңға өзгерістер енгізуде. Енді шет мемлекетке шығу кезінде 16 жасқа толмаған баланың фотосуреті бұрынғыдай ата-анасының төлқұжатына жапсырыла салмайды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, енді 16 жасқа толмаған әрбір бала ата-анасымен шекара асу үшін жеке шет елге шығу төлқұжатын жасатады. ІІМ бұл терроризм мен экстремизмнің күшеюіне байланысты, көптеген елдерде қабылданаған әлемдік тенденция деп түсіндірді.
Жаңа бастама өз күшіне 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап енеді.
Оқи отырыңыз