KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 3 м/с, ОШ
488.91 532.62 5

Өскеменге Дариға Назарбаева бастаған ресми делегация келді

9.09.2018, 11:47 96

Өскеменге Дариға Назарбаева бастаған Парламент Сенатының Халықаралық қатынас, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшелері келді. Облыс орталығына сапары барысында депутаттар облыс әкімі Даниал Ахметовпен бірге Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік әскери қолбасшылығына, сонымен қатар 5518 әскери бөліміне барып, аймақтағы қарулы күштердің тыныс-тіршілігімен танысты.



Алдымен «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының Жауынгерлік басқару орталығына ат басын тіреген халық қалаулылары аталмыш орталықтың әлеуеті мен мүмкіндіктеріне қанық болды. Бұл мекеме Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстарындағы қарулы күштердің іс-әрекеттерін реттеуге мүмкіндік береді.


Бұдан кейін «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 5518 әскери бөлімінде болған сенаторлар жауынгерлік қызметпен, сондай-ақ жеке құрамға жүктелетін құқық қорғау міндеттерімен жақынырақ танысты. Қонақтар назарына бөлімдегі әскери техника, қару-жарақ пен Ұлттық ұлан қамтамасыз етілген киім үлгілері ұсынылды.



Бұл ретте, ресми делегацияны бастап келген Дариға Назарбаева сарбаздардың тамақтануы гигиенасы мен киім-кешектерінің сапалылығына ерекше ден қойылуы керектігін атап өтті. Сапары барысында депутаттар әскери бөлімнің госпиталі, асханасы мен акт залына бас сұғып, казармалардың жағдайын өз көздерімен көріп қайтты.


Кездесуде еліміздің Ұлттық ұланының бас қолбасшысы, генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов депутаттарға қолда бар техниканың мүмкіндігі туралы, әскери құрылымды одан әрі жетілдіру бағытында атқарылатын істер мен алдағы жоспарлар жайында егжей-тегжейлі баяндап берді. Өз кезегінде сенаторлар өңірдегі қорғаныс жүйесін күшейту мен күш құрылымдарының әлеуетін арттыру бағыттарын талқылап, қажет болған жағдайда Парламент тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетініне сендірді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив