KZ
Өскемен
+27°
переменная облачность жел 4 м/с, З
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Өскеменде «Алтай - түркі әлемінің алтын бесігі» атты халықаралық конференция басталды

7.09.2018, 05:31 82

Шығыс Қазақстан облысында дәстүрлі «Алтай - түркі әлемінің алтын бесігі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция басталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Орталық мәдениет сарайында өтіп жатқан шараға облыс әкімі Даниал Ахметов, Қазақстан Республикасының Президент  әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева, Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қуатжан Уәлиев, «ТҮРКСОЙ» халықаралық ұйымының бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, академик Ғарифолла Есім, түрколог ғалым Қаржаубай Сартқожаұлы бастаған мәртебелі меймандар мен шетелдік ғалымдар арнайы шақырылған.


Әуелі қонақтарға «Алтын адам» деген тақырыппен соңғы археологиялық қазбалардың нәтижелері таныстырылып, Шығыстың киелі орындары туралы көрме ұсынылды.



Пленарлық отырыста Шығыс Қазақстан аумағында зертеу жүргізіп жатқан археологтар Зейнолла Самашев, Әбдеш Төлеубеков және Карл Байпақов үштігі ғылыми баяндамалар оқиды деп күтілуде. Сондай-ақ, Чехия, Германия, Түркия және Франция ғалымдары түркі әлемінің Алтайдан бастау алған ұлы өркениеті жайында аса құнды ғылыми мәлімдемелер жасамақ.


Конференцияның негізгі бөлімінен кейін қатысушыларға облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Бабалар алтыны» деген тақырыппен тағы бір көрме ұсынылады. Мұнда археологияны дамытудың өңірлік бағдарламасы аясында соңғы 3 жылда табылған 19 мың жәдігердің ең құнды дегендері көрсетілетін болады. Конференция қонақтары Шіліктіден табылған соңғы «Алтын адамның» жаңғыртылған көшірмесін осы көрмеде өз көздерімен көруге мүмкіндік алады.


Осы көрменің кеңейтілген нұсқасы жуықта Еуропа елдерінің бірінде «Дала әміршілерінің алтыны» деген атпен өтуі мүмкін. Меймандарға №46 мектептің базасында «Менің мектебім» акциясы бойынша Назарбаев зияткерлік мектебінің үлгісінде толық жабдықталған физика, химия, биология және робот техникасы сыныптары таныстырылады. Конференцияны облыстық драма театрда өтетін ІІІ халықаралық «Ақ Ертіс» классикалық музыка фестивалі түйіндейді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив