KZ
Өскемен
+26°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОБ
443.44 480.51 4.88

Семейлік дәрігерлер құрсақ қуысы жарылған науқасты құтқарды

1.09.2018, 04:55 253

Семей қаласының Мемлкеттік медицина университетінің мамандары, кезекті адамның жанын сақтап қалды. Бұл жолы ақ халаттылар, аневризмасы жарылған емделушіге шұғыл ота жасады.


Дерті асқынған соң, науқас азаматша орталық қалалық ауруханадан университет госпиталіне жеткізіліпті. Мұндағы мамандар, аурудың ошағын дер кезінде анықтап жедел операцияны қолға алған. Нəтижесінде, аневризманың жарылуы салдарынан жинақталған 1, 5 литрдей қан алынып тасталды. Осының көмегімен қан тамырларының жұмысы ретке келген. Операцияға кардиохирургиялық бөлімшенің меңгерушісі, кардиохирург-дəрігер Бекжан Бұланов жетекшілік еткен екен. Ақ халаттылардың айтуынша, қазір емделушінің жағдайы қанағаттанарлықтай жəне ол дəрігерлердің бақылауында. Госпитальдің кардиохирургия бөлімі директорының орынбасары Төлеген Ақпаров бұл жылы кардиохирургиялық бөлімшеге осындай диагнозбен 10 науқас түскенін атап өтті. Тиісті көмектің арқасында түгелдерінің жандары аман қалған.


Аталмыш патологияның туабітті немесе жүре пайда болуы мүмкіндігі басым. Аневризманың тұтастай жарылуы өлімге əкеп соқтырады екен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив