KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, Ю
443.37 474.49 4.83

30 тамыз - 3 қыркүйек: ШҚО-да түнгі температура 2-7 градусқа дейін төмендейді

29.08.2018, 05:43 187

Синоптиктер 30 тамыз - 3 қыркүйек аралығындағы күндерге арналған ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Биыл күз күнтізбеден кешікпей келетін сияқты. «Қазгидромет» РМК мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде, әсіресе шығыс және таулы аймақтарда 30 және 31 тамызда жауын-шашын болады. Ауа температурасы төмендейді, солтүстік, орталық және шығыс облыстарда күндіз ауа температурасы 15-23 пен 8-15 градус аралығында жылы болады, ал түнде 2-7 градусқа дейін төмендейді. Оңтүстік-шығыс өңірлерде ауа температурасы 18-25 градус аралығында болады.


Тек батыс және оңтүстік облыстарда күндізгі температура 27 градустан 34 градусқа дейін жазғы жылы және жауын-шашынсыз ауа райы сақталады дейді синоптиктер.


 


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив