Курчатовтағы Ұлттық ядролық орталыққа АҚШ энергетиктері келді
Курчатовтағы Ұлттық ядролық орталыққа ресми сапармен АҚШ Энергетика министрлігінің ұлттық ядролық қауіпсіздік (DOE/NNSA), сондай-ақ Қорғаныс министрлігінің қауып-қатерді азайту жөніндегі агенттіктің жетекшілері келді (DOD/DTRA).
Сапар аясында шетелдік делегаттар ҚР ҰЯО-ның ғылыми-зерттеу базасын, сол секілді бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының «Дегелен» және «Сынақ алаңы» аймақтарын аралады. Мұнда бірлесіп қолға алынған жобалар талқыланды. Атап айтқанда, СЯСП аумағының қаупсіздігін қамту және зерттеу реакторларын конверсиялау бойынша жұмыстар пысықталды.
Айта кетейік, биыл қос елдің ұйымдары арасындағы әріптестіктің орнағанына 25 жыл толып отыр. Осы аралықта екі тараптың ықпалымен бірнеше жоба сәтті жүзеге асты. Оның ішіне ядролық сынақ алаңындағы инфрақұрылымды жою, БН-350 реакторын істен шығару, сонымен қатар ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу жөніндегі шартты қолдау мен зерттеу реакторларының отынын байытуды қысқартуға бағытталған сейсмикалық мониторингті құру жатады.
Қазіргі уақытта зерттеу реакторларын конверсиялауға арналған бірлескен жұмыстар жалғасуда. Бұдан басқа сынақ алаңындағы ядролық жарылыстардың залалдарын жою бойынша бірқатар тапсырмалар шешілу үстінде.