KZ
Өскемен
-14°
переменная облачность жел 1 м/с, С
494.95 525.49 5.05

Семейде 28 жыл бұрын жоғалған егіздің сыңары табылуы мүмкін

24.08.2018, 10:41 105

Осыдан біраз бұрын Айдос Мұсабеков есімді азамат өзімен егіз туған бауырына іздеу салғаны туралы жазған едік. «28 жыл бұрын Семейдегі перзентханада дәрігерлер сатып жіберді» деп жазған еді ол инстаграмм парақшасында. Қазір Айдосқа адамдар жан-жақтан қоңыр шалып жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


– Біз қазір ШҚО денсаулықсақтау басқармасының ресми жауабын күтіп отырмыз. Көптеген адамдар хабарласып, маған ұқсас жігітті көргендерін айтуда. Жай ғана қызықтап, рас па, өтірік пе деп хабарласқандар да бар, шыны керек. Қазір 1990 жылы туған Жандос Мұсабеков есімді азамат туралы мәлімет жиналып жатыр. Бірақ бауырымның аты-жөнін өзгерткен болуы мүмкін, – дейді Айдос.


Шынымен де, 28 жыл бұрын Айдостың бауырын ақшаға айырбастады ма дәрігерлер? ШҚО денсаулық сақтау басқармасы дәл қазір осы сұраққа жауап іздеуде.


ШҚО прокуратурасы 13 тамызда Айдос Мұсабековтың арызынан кейін қылмыстық кодекстің 128 бабы 2 тармағы 11 пункті бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі басталғанын жеткізді.


Әңгіме 1990 жылы Семейдегі №2 перзентханада қатар өмірге келген Айдос пен Жандос жайында. Бір апта уақыт өткенде егіздердің анасы Үміт Мұсабековаға бір ұлының шетінегенін жеткізген дәрігерлер. Алайда ана бұл сөзге сенбейді. Әлі күнге үміті үзілмеген Үміт Мұсабекова дәрігерлер алдын ала жоспарлап, біреулерге ақша үшін беріп жіберді деп отыр.


Бір жерлерден көрдік деп хабарласып жатқан жандар бар деп айттық. Алайда фотосуретін жіберіп, көзайым еткен ешкім жоқ әзірше.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу