ШҚО-да жоғалып кеткен 15 жастағы қыз астанадан табылды
Семейде осыдан бір ай бұрын жоғалып кеткен 15 жастағы жасөспірім қыз туралы жазған едік, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Садықова Аружан 30-шы тамыз күні Семейде Жамақаев көшесіндегі үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Бір айдан кейін ол Нұр-Сұлтан қаласынан табылып отыр. Бұл туралы Volontery_semey_LIDER.KZ тобының волонтерлары мәлімдеді.
Қазір қыз үйіне аман-есен қайтарылыпты.
Оқи отырыңыз