KZ
Өскемен
+20°
небольшая облачность жел 3 м/с, З
478.96 533.03 5.22

Риддерде автожарыс өтеді

22.08.2018, 11:35 101

Жылдамдықты жаны сүйетін автомобильшілер Риддерде өтетін автожарыста экстремалдық «өнерлерін» ортаға салады.


Автожарыс 26 тамыз күні  "драг-рейсинг"  тәртібінде өтеді.  Оған ҚР Автомотоспорт Федерациясының сертификаты бар автомобильшілер қатыса алады.


Осы жолғы жарысқа тек Риддерден ғана емес, Өскемен мен Семейден де қатысушылар келеді деп күтілуде. Машиналар бірнеше класқа бөлінеді: моно, толық тартпа және турбо. Сонымен қатар, автожарысқа алғаш рет қарапайым машинамен  қатысу мүмкіндігі еннгізіліп отыр.


Жарыс қаланың орталығындағы Гагарин көшесінде өткізілмек. Арнайы тас жолдың ұзындығы 202 метр. Қатысушылар түрлі сыйлықтармен марапатталады.


Автожарыстың басталу уақыты: 12:00. Толық ақпаратты келесі телефон нөмірлері арқылы білуге болады: 8-705-465-16-72, 8-705-445-41-89 и 8-747-259-54-19.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив