KZ
Өскемен
+8°
переменная облачность жел 2 м/с, З
483.23 534.74 5.12

Facebook күмәнді парақшаларды жойып жатыр

22.08.2018, 06:48 127

Facebook компаниясы Instagram әлеуметтік желісінде бірқатар парақшалар мен топтарды жойып жатыр. Өйткені бұл аккаунттардан күмәнді әрекеттер жасалып, дәйексіз ақпараттар таратылған екен.


-Біз күмәнді дерекөздермен байланысы бар табылған бірқатар парақшаларды, топтарды және тіркеу жазбаларды өшіріп тастадық, - деп түсіндірді компанияда. – Олар дәйексіз мәліметтер таратып, желі қолданушыларын жаңылыстыруда. Біз мұндай әрекетке тыйым саламыз.


Айта кетсек, АҚШ билігі Facebook компаниясын өздерінің желілеріндегі шетелдік ықпалмен дұрыс күрес жүргізбейтінін сан рет айтып, сынға алған. Енді компания билікпен бірге қызмет етуге міндеттеліп отырған көрінеді.


 


Дереккөз: РИА Новости

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив