KZ
Өскемен
+28°
ясно жел 2 м/с, В
467.29 501.03 5.35

Оралдық зейнеткер Өскеменнен ұлын іздеп жүр

17.08.2018, 04:38 94

Бұл туралы Орал қаласының "Мой Город" басылымы хабарлайды. Еңбек ардагері Александр Дзюбанның айтуынша, оның туған ұлы қазір Өскеменде тұрады екен.


Зейнеткердің жасы 89-да. Ұлы Евгений 1956 жылы Ресейдің Чехов қаласында дүниеге келген. Тағдырдың тәлкегімен жұбайы екеуінің жолы екі айырылған екен. Жұбайы ұлын алып, Өскеменге кетіп қалады. Сол кезден бері Александр Дзюбан Евгенийді көрмеген.


Зейнеткердің айтуынша, жуықта ұлы телефон арқылы әкесімен хабарласпақ болыпты. Алайда байланыс үзіліп кеткен.


-Ұлымды танып, білетіндер болса, маған хабар берулеріңізді өтінемін, - дейді Александр Максимович.


Қазір зейнеткер Орал қаласының маңындағы "Малиновый сад" саяжай қоғамдастығында тұрып жатыр екен.


Александр Дзюбанның телефон нөмірі – 87771497512.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив