KZ
Өскемен
+8°
переменная облачность Штиль
478.93 534.96 5.16

Өскемендегі кешеден бергі жол кептелістерінің себебі айтылды

7.08.2018, 06:28 125

Кешеден бері Өскеменде Үлбі көпірі жабылып қалды. Бұл жағдай кептеліске душар етті. Кейбір тағатсызданған жүргізушілер тиым белгілеріне де қарамай, өтіп кетуге тырысқан еді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Көпірдің жабылуының себебін қала әкімдігінің баспасөз хатшысы түсіндіріп берді.


– Көпір де, көпірге бастап келетін көшелер де күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Көпірдің енін ұлғайтып, әр бағытқа бір-бір тақта жол қосу жоспарланған, – деді Әсем Қайратбек.


Жөндеу жұмыстары қашан аяқталары беймағлұм. «Барынша тез бітіруге тырысып бағудамыз», дейді басшылық. Жүргізушілерге күтуге тура келеді. Ал жаяу жүргіншілерге бұл көпір мен көшелерден басқа жолмен қатынайтын автобустарды таңдаған жөн секілді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив