KZ
Өскемен
+33°
переменная облачность жел 2 м/с, В
464.72 496.32 5.4

Бензин арзандап, азық-түлік қымбаттаған

6.08.2018, 11:28 163

Ұлттық экономика министрлігі елдегі инфляция туралы мәліметтерді жариялады. Азық-түлік пен күнделікті тұтынатын тауарлар біршама қымбаттаған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Қаңтар айынан бері қызылша – 35,7%, сәбіз — 34,5%, құмшекер — 12,1%, мәйекті ірімшік — 8,1%, консервіленген сүт — 7,1%, ірімшік және сүзбе – 6,3%, кофе — 5,8%, сары май, ет өнімдері — 4,5%, қышқыл сүт өнімдері — 4,4%, қой еті — 4%, жылқы еті — 3,9%, сиыр еті — 3,7%, қымбаттады.


Қияр — 57,3%, қызанақ — 44,2%, сарымсақ — 26,7%, жұмыртқа — 12,3%, тәтті бұрыш — 10,4%, картоп — 5,9%-ға арзандады.


Ал азық-түліктен өзге тауарлардың ішінде дизель отыны – 12,9%, құрылыс материалдары – 4,2%-ға өсіп, бензин 2%-ға арзандаған.


Жалпы алғанда азық-түлік – 2,5%, одан өзге тауарлар 3%-ға қымбаттады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив