KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 6 м/с, З
439.4 473.54 4.76

Өскеменде соңғы кездері кәріз қақпақтары жиі жоғалатын болған

23.07.2018, 09:47 122

Кәріз құдықтарының аузы неге ашық жатыр, қақпағы қайда? Бұл көліктер үшін қауіпті емес пе?


– Жаз басталғалы осындай ұрлық көбейді. Шамамен 25 қақпақ жоғалды. Біз заң өкілдеріне арыз жаздық. Белсенді түрде іздеп жатырмыз ұрлағандарды. Абырой болғанда ашық қалған кәрізге қатысты ешқандай апаттық оқиға болған жоқ, – дейді «Өскемен-тәртіп» мекемесінің баспасөз хатшысы Әсел Ахметжанова.


Оның айтуынша, жоғалған қақпақтар қазір түгелдей ауыстырылды.


– Қала тұрғындарынан өтінеріміз сол, ұрлықтың куәсі болып жатса, дереу арада 102 нөміріне хабарласса екен. Осындай жағдайды суретке немесе видеоға түсіріп үлгерсе тіпті жақсы болар еді, - дейді Әсел Ахметжанова.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив