KZ
Өскемен
+14°
туман Штиль
450.79 482.21 5.05

Семейде кесте бұзған автобустар тендерден қағылып жатыр

23.07.2018, 05:24 165


Семей қалалық әкімдігіне қарасты Автомобиль жолдары және жолаушылар тасымалы бөлімінің қызметкерлері шілденің 1-19 аралығында барлық автобус бағыттарын ірі тексеруден өткізді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Мамандардың айтуынша, олар аялдамалардан түсіп, кіріп-шығып, көрсеткіш пен жұмыс кестелерінің орындалуын барысын қадағалапты. Сонымен, жұмыс тәртібін бұзғаны үшін «Таксомоторлы парк» ЖШС-сі  59 рет  ұсталса, «Азия Combi» ЖШС – 24 рет, «Семей» автобус паркі-19, «Семавтопарк» - 16 рет бақылаушылар назарына ілініпті.


Енді тендер өткенге дейін аталған автобус тасымалындағылар жұмыс тіртіптерін жөндемесе, оларға көрсетілген қателіктері орындалмаса, конкурсқа жіберілмейтін болды. Олар сонымен қатар билеттендіру жүйесіне де көшу керек.


Жолаушылар тасымалы басқармасы орталығының ақпаратынша, көптеген жүргізушілер арнайы құжатсыз жұмыс істеп жүр. Осындай және тағы басқа да өрескел тәртіп бұзған  №5, 22 және тағы бірнеше бағытты автобустарды сот шешімі бойынша негізгі ЖШС иелігінен алынып, басқа тасымал иесіне беріліп отыр. Міне, қазір  №3 бағытты автобустың жұмыстары да осылайша шұғыл тексеріліп жатыр.


-Біз №3 бағыттағы автобусты тексерудеміз, ол  «Азия Combi» ЖШС-іне қарайды,-деді  автомобиль жолдары және жолаушылар тасымалы бөлімінің бас маманы Назым Жанболатова,-бірнеше рет ескерту жасадық. Жағдай өзгеретін түрі жоқ. Енді олармен келісімшартты біржақты түрде бұзатындығымыз жөнінде хабарлама жасадық. Тамыздың 2-ісіне дейін олар маршруттарына берілген куәлікті қайтарулары керек. Бұл бағыттағы автобусты басқа ЖШС-іге, яғни халыққа 80 пайыз жақсы қызмет көрсететін кәсіпорын иелігіне берілу мәселесі қаралып жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив