KZ
Өскемен
ясно жел 0,2 м/с, З
478.54 533.76 5.17

Семейде Астана күндері қалай өтеді?

16.07.2018, 13:00 155

Биыл Астананың 20 жылдығына орай, елордалық әртістер еліміздің әр түкпірінде түрлі шаралар ұйымдастыруда. Енді, міне, бас қаламыздың шығармашылық ұжымдары ұлылар мекені - Семей шаһарына ат басын бұрды. Ертеңнен бастап, яғни 17-18 шілде аралығында Семейде Астана күндері өтеді.


Ең алдымен, 17 шілде күні кешкі сағат жетіде «Абайдың қара сөздері және әндері» атты концерт өткізіледі деп жоспарланып отыр. Кеш барысында «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, дәстүрлі әнші Секен Сыздықты жетекшілігімен Астана қаласының Мемлекеттік академиялық филармониясының Қазақ оркестрі, классикалық, эстрадалық және халық вокалының солистері өнер көрсетеді.


Сонымен қатар, дәл осы күні сағат 15:00-де Невзоровтар атындағы Шығыс Қазақстан облыстық бейнелеу өнері музейінде ең үздік қылқалам шеберлерінің әртүрлі жанрларда кескіндеп бейнелеген суреттері көпшілік назарына ұсынылады.


Ал 18 шілде күні 19:00-де Ұлықбек Есдәулеттің «Зере» атты драмалық көрінісі сахналанады . Зере рөлін - қазақ сахнасында Қарагөз, Құртқа, Толғанай секілді ғажап бейнелердің галереясын жасаған Гүлжан Әспетова сомдамақ.


Бұдан кейін, Семей жұртшылығы қаламыздағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде 2002 жылы туған және одан үлкен ұлдар мен қыздар арасында дзюдодан жолдастық кездесу өтеді.


Айта кетейік, барлық іс-шараларға кіру тегін!

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив