KZ
Өскемен
+19°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
450.79 482.21 5.05

ШҚО мектептеріне бағдарламаландыру атты жаңа пән енгізіледі

16.07.2018, 10:10 116

Жаңа оқу жылында өңірімізде 277 ІТ-технологиялар сыныбы ашылады. Оларда сабақ беретін мұғалімдер 15 тамызға дейін даярлықтан өтуі тиіс, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


1 қыркүйектен бастап роботты техника кабинеттері базасында қосымша ІТ-сыныптар да ашылады. Үкіметтің аталмыш кешенді бағдарламасын жүзеге асыруды облысымыз биылдан-ақ бастап кетті. Жалпы, еліміз бойынша 2020 жылға дейін 1 мың ІТ-сынып ашу жоспарланған-ды. Біздің өңір бағдарламаландыру атты жаңа пәнді балаларға алғашқы болып оқытпақ.


– Оқу жылының басына дейін облыстағы барлық 476 толық комплектілі мектеп жөнделіп бітуі тиіс. Әсіресе, ІТ-технологиялар сыныптарына жіті көңіл бөлген жөн.Аталмыш пәннің мұғалімдері арнайы курстардан өтуі қажет. Ол үшін өңірде барлық тиісті мүмкіндіктер бар. Жұмыс барысын апта сайын бақылауда ұстап отыруды жүктеймін, – деп тапсырды осы ретте аймақ басшысы Даниал Ахметов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив