KZ
Өскемен
+33°
ясно жел 2 м/с, С
465.52 498.2 5.45

ШҚО-да Әміре Қашаубаевтың 130 жылдығы тойланды

16.07.2018, 03:01 109

Шығыс Қазақстанда Әміре Қашаубаевтың 130 жылдығы тойланды, деп хабарлайды Алтайньюс 24.kz сілтеме жасап.


Әншінің туған жері Ақбұлақ ауылына еліміздің түкпір-түкпірінен өнер жанашырлары жиналып, өнерпаздың рухына тағзым етті. Халық әнші ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, естеліктер айтты.


Қазақтың әншілік өнерін әлемге танытқан Әміре Қашаубайұлының өмір жолы мен шығармашылығы әлі де зерттелу үстінде. Ал әндері - мәңгілік мұра. Мерейтойға орайластырылған республикалық музыкалық фестиваль аясында Абай аспанында шарықтаған құнды туындылар бұған дәлел. Дүбірлі той қазақ күресі мен ат жарысқа ұласты.


«Қазақтың өнерін, ән өнерін шетелге кім танытты дегенде бірінші тек қана Әмірені айтуымыз керек. Қазіргі заманда шет елдерге шығып, әнді айтып жүрген адамдар өте көп. Бірақ Әміре алғаш рет 1925 жылы шығып, екінші орын алып, бүкіл дүниежүзін таңдандырып, сондай өнерімен асқақтандырып, қазақтың мәдениетін, өнерін аспанға шығарған адам ретінде саналады», - дейді Қазақстанның еңбегі сіңген қайраткері Жарқын Шәкәрім.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив