KZ
Өскемен
+20°
пасмурно жел 7 м/с, СБ
471.46 504.79 5.53

Әміре Қашаубаев Германияда қай жылы, қай қалада ән салған?

26.03.2013, 18:00 189


– 1925 жылы Әміре Қашаубаевтың Франциядағы Париж сахнасында ән шырқап, өз халқының әсем әуенін бүкіл әлемге паш еткенін білуші едік. Содан кейін Германияда болыпты. Сонда бұл елде қай жылы, қай қалада ән салған? Соны білгіміз келеді.

Орынбек Тұқпиев
Күршім ауданы.

Сауалға А.Пушкин атындағы облыстық кітапхананың өлкетану бөлімінің қызметкері Зиза Слямова жауап береді:

– Әміре Қашаубаев 1927 жылы сәуір айында арнайы шақыртумен Мәскеуде өткен Советтер съезінде қазақ
әндерін тамылжыта шырқайды. Сол жылы Германияның Майндағы Франкфурт қаласында өткен халықаралық музыкалық көрмеде концертке қатысып, қазақтың халық әндерін әлемге паш етті. Әміре осы жерде тоғыз концерт беріп, Парижден кейін екінші рет көзге түсті. Оның орындауындағы ән-дер дүниежүзі мәдениетінің ірі өкілдері Ромен Роллан, Анри Барбюс және басқа да қайраткерлер тарапынан жоғары баға алған. Александр Затаевич Әміренің әншілік өнеріне тәнті болып, одан «Балқадиша», «Дударай», «Бес қарагер», «Көк көбелек» және басқа да әндерді жазып алып, 1931 жылы «Қазақтың 500 әні мен күйі» жинағында жариялады.

Қазақ әншісі 1926 жылы Баку қаласына түркология съезіне барып, ән салады. Концерттік турнемен Еуропаны аралауға жолдама алған. Бірақ ол шетел сапарынан бас тартып, өз театрының гастролімен ел аралауды ұйғарған. 1926 жылы Ташкент, Шымкент қалаларында концерт қойған.

Әлімжан Қадылбекұлы

Мәлімет көзі: Altaynews.kz.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив