Тай мен қытай қыздарының кездесуі қалай өтті?
Таи патшалығының қыздары тағында нық отыр. Қытайлықтардың талпынысы сәтсіз шықты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Қайталаймыз, бұл - волейболдан Өскеменде болып жатқан клубтық Азия чемпионаты.
Тізгінді әу баста қолға алған Supreme командасы соңғы сәтке дейін уыстан шығармады. Бірінші бөлімде 25:20, екінші бөлімде 25:22, ал үшін бөлімде 25:11 есебімен қытайлықтардан басым түсті.
- Бүгінгі ойынға тас-түйін дайын шықтық. Осыдан екі күн бұрын қарсыласымыздың ойындарының видеосын көріп, командамызбен талқылағанбыз. Жоспарымыз толықтай орындалды. Ендігі кезекте Жапониямен сынасамыз. Бірақ, олар қиын қарсылас. Бізде олардың ойындарының видеосы да жоқ. Сәттілікке сеніп отырмыз, - дейді Supreme клубының бас бапкері Натапхон Срисамутнак.