KZ
Өскемен
+19°
ясно жел 4 м/с, З
481.84 531.33 5.07

Ирландияда оқитын бала Өскемендегі әкесін сотқа берді

11.07.2018, 05:15 148

Өскемен қалалық ювеналдық сотында кәмелеттік жастағы баланың әкесіне қарсы алимент дауы қаралды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


- Марат Бекетаев «Солтүстік Ирландияда оқып жатқан бозбала Өскеменде тұратын әкесінен оқу шығындарын өтеу мақсатында алимент талап еткен. Ал өскемендік әке ұлы шетелде оқып жатқандықтан, алимент төлеуге құлықсыз екенін айтты. Ол сот алдында ұлының «Қазақстанда да оқуына болар еді» деген уәж айтты» - делінген ресми ақпаратта.


Алайда, бұл уәж сот залында айтарлықтай әсер туғыза алмаған. Заң бойынша бозбала қай елде білім алатынын өзі таңдай алады. Өскемендік тұрғын сот шешімі бойынша ұлы сұраған 2 айдың алиментін төлеуге міндеттелді. Ол сома 15 айлық есептік көрсеткішке тең.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив