KZ
Өскемен
-10°
переменная облачность жел 3 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Алиментті баланың ата-әжесі төлеуі мүмкін

24.12.2019, 06:14 181

Алимент төлеуден қашып жүрген ер азаматтарға қатысты жаңа ұсыныс талқыланды. Қарызды енді олардың әке-шешелері, яғни баланың ата-әжесі төлеуі мүмкін, деп хабарлайды Altaynews  тілшісі.

Бұл туралы әділет министрі Марат Бекетаев мәлім етті. Аталмыш ұсынысқа Италияның тәжірибесі бастама берген екен. Бұл елде балалардың әкесі алимент төлемесе, қарыз борышкердің ата-анасының жауапкершілігіне өтеді. Яғни, жауапкершлігі төмен адамды тәрбиелеген ата-ана баласы үшін адиментті төлеуге тиіс деген түсінік қалыптасқан.

Осы тәжірибе қазір қоғамда талқылауға салынбақ. Министрлік адамдардың пікірін білуді көздеп отыр.

Болашақта сәйкес норма тиісті заң жобасына енгізіліп қалуы да әбден мүмкін.

Бұған дейін Ішкі істер министрлігі алимент төлемеген әкелерді бес тәулікке қамауға алу туралы ұсыныс білдірген болатын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу