KZ
Өскемен
+19°
ясно жел 4 м/с, З
481.84 531.33 5.07

Аягөзде ащы суға салынған әйел емделуге мәжбүрлі түрде жатқызылды

9.07.2018, 13:19 154

Елімізде спиртті ішімдікке салынып кеткен адамдарға арналған арнайы наркологиялық қызмет орындарында маскүнемдердің саны күннен күнге артып бара жатқаны жасырын емес. Ал емделуден бас тартқан, не емделгеннен кейін ішіуін тоқтатпаған азаматтарды еркінен тыс, яғни ықтиярсыз емдеу шаралары жүргізіледі. Міне, тура осындай бір жағдай Аягөз ауданында тіркеліп отыр.


Нақтырақ айтқанда, 10 жыл бойы арақтың шырмауында қалған екі баланың анасы өз еркінен тыс, мәжбүрлі түрде Аягөз аудандық сотының шешімі бойынша Семей қаласындағы маскүнемдіктен еріксіз емдеу профилактикалық мекемесіне жатқызылды.


Ешқандай тоқтаусыз 10 жылдай уақыт ащы суға әуес болған азаматша күйеуінен ажырасып, тіпті екі қызына да ана болу құқығынан айырылған екен. Бірақ өкінішке орай, әйелді бұл да тоқтата қоймаған, арақ-шарапқа деген тәуелділік одан сайын арта түскен.


Айта кету керек,қазіргі таңда Қазақстан бойынша алкоголизмге шалдыққандарды мәжбүрлеп емдейтін 22 наркологиялық орталық жұмыс жасайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив