KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 1,6 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Даниал Ахметов Алакөл жағалауын тағы бір тексеріп шықты

9.07.2018, 11:25 159

Үржар ауданына жұмыс сапарымен  барған облыс әкімі Д.Ахметов Қабанбай ауылында салынып жатқан  тарихи өлкетану мұражайының құрылыс барысымен және  Алакөл жағалауын абаттандыру жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Құрылысы мамыр айында басталған мұражай ғимаратын қазан айында тапсыру көзделген. Бүгінде нысанға электр желілері тартылып, шатырын жабу  жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Құрылыс барысымен танысу барысында аймақ басшысы  мұражай құрылысын уақытылы аяқтауға қосымша 323 млн.теңге бөлінетіндігін атап өтті. Сондай-ақ,  өлке тарихынан сыр шертетін мұражай экспонаттарымен өңір тұрғындары ғана емес, туристердің де танысуына мүмкіндік жасау үшін көлден мұражайға дейінгі жолды асфальттауды тапсырды.


Алакөлді абаттандыру жұмыстарымен танысқан аймақ басшысы жағалаудын бүгінгі көрінісіне оң бағасын берді. Алайда Алакөлді шетелдік демалыс орындарының деңгейіне жеткізу үшін әлі де бірқатар жұмыс атқарылуы тиіс екендігін атап өтті.


- Көл жағалауын абаттандыру үшін соңғы екі жылда кыруар жұмыс атқарылды. Осы мақсатта 4,5 млрд.теңге қаржы жұмсалмақ. Жұмыстар әлі де жалғасады. Алдағы үш жолда жол мәселесін толықтай шешу көзделген. Биыл теміржол мен әуе рейстерін іске қостық. Осы маусымнан кейін келер жылы туристік орынға жету үшін рейстердің жиілігін қаншалыкты  арттыру қажеттігі анықталады.


Алдағы жылы Алакөл жанындағы жасыл паркті кеңейту, жағалаудағы абаттандыру жұмыстарын жалғасады. Даниал Ахметов аудан әкіміне көл жағалауындағы жабайы сауда мәселесін реттеп, шағын бизнеспен айналысатын кәсіпкерлерге арнайы орын бөліп беруді тапсырды. Осыған сәйкес биыл Алакөлден мемлекет қоржынына ауыз толтырып айтарлықтай салық түседі деп күтілуде. Жолдар жөнделіп, инфрақұрылымдар толық жұмыс істесе Алакөл алдағы үш-төрт жылдың ішінде Анталиядан артық болмаса кем түспесі анық.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив