KZ
Өскемен
+4°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

Өскеменнің саяжайларында тұрып жатқандардың шығыны көп болып тұр

29.06.2018, 10:24 140

Өскемендегі саяжайлардың жарығы жиі-жиі өшіп қалып жатыр. Саяжайларға беріліп тұрған  электр энергиясының  қуаты да мардымсыз.Редакциямызға  саяжайлардағы жарықтың«жырын» жазып,   арыз,-шағымдарын айтып келіп жатқан тұрғындар көп. Мәселенің мәнісін мамандардан сұрадық.


-        Саяжай учаскелеріне жарық жеткізіп тұрған электр желілеріне мерзімдік техникалық қамтужұмыстары жүргізілмей, дұрыс пайдаланылмай отырғандықтан, қазір олардың жағдайы қанағаттанарлықсыз күйде тұр. Соның салдарынан апаттық сөндірулер жиі  қайталанып жатады,-дейді саяжайларда жарықтың жиі өшіп қалуының себебі неде екендігін түсіндірген  облыстық энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы энергетика және энергия үнемдеу бөлімінің басшысы Нұрлан Рамазанов.


Нұрлан Рамазанов, облыстық энергетика , тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы энергетика және энергия үнемдеу бөлімінің басшысы:


-Саяжай  кооперативтерімен энергиямен қамтушы мекеме арасындағы есеп айырысу аймақтық энергетика компаниясы (АЭК)  желілерінің  саяжай мен АЭК желілері шекарасында орналасқан коммерциялық есепке алудың бас құралы көрсеткіштері бойынша ғана жүргізіледі. Энергия төлемақысы  заңды және жеке тұлғалардың жалпыүйлік қажеттіліктері мен  саяжай қоғамдастығы үшін пайдаланатын энергияға белгіленген  орташа тариф бойынша 11,642 кВт/ теңгеден алынады.


Бірақ, қазіргі күні саяжай қоғамдастығының шешімі бойынша саяжайларда тұратын тұрғындар электр энергиясының киловатына 16-20 теңгеден төлеуде, өйткені тұрғындар серіктестіктің, қоғамдастықтың желілерін ұстауға, желілер мен трансформатордағы шығындарға да ақша төлеп жатыр. Бұған қоса тұрғындар коммерциялық шығындарға, яғни, қоғамдастықтың энергияны ұрлап тұтынып  жатқан мүшелері  үшін де ақша төлеуде.


Егер саяжай қоғамдастықтарының электр желілері энергияны жеткізумен айналысатын компанияға берілсе, электр желілерін  күтіп ұстаумен  барлық қажетті құрал-жабдықтары бар арнайы мамандар айналысар еді. Әр абонентке электр энергиясына коммерциялық тіркеу жүргізетін автоматтандырылған жүйе орнатылып, желілердің тәулік бойы жүргізілуін  диспетчерлік технологиялық басқару жүйесі (АСКУЭ) қамтамасыз етеді. Қазіргі күні саяжай тұрғындары коммерциялық, техникалық шығындар бойынша қалыптасқан  жалпы қарызды да төлеп келеді. Егер АСКУЭ жүйесі қойылса, әрбір тұрғынға нақты пайдаланған энергия үшін төлемақы есебі беріліп, тұрғындар тек қана пайдаланған энергияға ғана ақша төлейді.


Электр энергиясы үшін есеп айырысу әр тұрғын мен  энергиямен қамтушы мекеме арасында жасалатын келісім-шарт негізінде жүзеге асады. Бұл бүгінгідей электр энергиясымен қамтуға байланысты туындап отырған дау-дамайларды, мәселелерді заңды негізде шешуге мүмкіндік береді. Келісімшартта энергияны беру шарттары, оның сапасы, тағы да басқа тұстары толық көрсетіледі. Сондықтан саяжай қоғамдастықтары, оның мүшелері, тұрғындар электржелілерін электр энергиясын жеткізетін мекеме (ШҚ АЭК) балансына өткізу шараларын жүргізуі қажет.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив