KZ
Өскемен
+6°
переменная облачность Штиль
479.05 534.57 5.17

"Дидар" газетінің қызметкері республикалық карикатурашылар байқауының жүлдегері атанды

29.06.2018, 09:55 66

Астана қаласының 20 жылдық торқалы тойына орай бас басылым "Егемен Қазақстан" газетінің ұйымдастырумен Республикалық карикатурашылар байқауы өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Қазақ елінің әр түкпірінде жүрген қыл қалам шеберлерінің арасында әріптесіміз, облыстық "DIDAR" газеті жауапты хатшысының орынбасары, талантты суретші-журналист Мерей Қайнарұлы да бар.


Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан жүлдегерлерді Ұлттық академиялық кітапханада қабылдаған "Егемен Қазақстан" газеті АҚ басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі мырза:


- Бір карикатура бірнеше мақаланың жүгін көтеріп тұрады. Онда сын да, сараптама да қамтылады. Біздің елімізде бұл жанрмен жекелеген суретшілер айналысып жүргенімен, арнайы мектеп қалыптаспаған. Батыс елдерінде бұл арнайы жанр ретінде дамып бара жатса, бізде керісінше құрып бара жатыр. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында мына байқауды өткізіп отырмыз, - деді.


Журналистер мерекесі қарсаңында өткен бұл байқауға әлемдік фото-көрмелерге қатысып жүрген, танымал Ғалым Сымағұл сынды осы саланың саңлақтары қатысыпты.


Астананы әртүрлі қиялмен айшықтаған отыздан астам үміткерлердің арасынан үшінші орынды ақтөбелік Қайрат Ноғаев,  екінші орынды әріптесіміз Мерей Қайнарұлы, бірінші орынды алматылық шебер Ғалым Сымағұл еншіледі.


Баспасөздің ұмыт қалып бара жатқан жанрының бірі -карикатура еді. Бұрынғы белгілі басылымдардың бәрінде бар болатын. Бұл тақырыпты көп жұрт сын деп қабылдайды. Негізі тақырыптан ауытқымаған жөн, - деді белгілі карикатурашы және осы шараны ұйымдастырушы Айдарбек Қазез

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив