KZ
Өскемен
+9°
переменная облачность жел 1,6 м/с, В
481.84 531.33 5.07

Елбасы Өскемендегі өнеркәсіптік жабдықтар шығаратын зауыттың жұмысымен танысты

28.06.2018, 08:36 160

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Өскемен қаласындағы ««SV» өнеркәсіптік жабдықтар шығаратын «Силумин-Восток» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі зауытының жұмысымен танысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.


Кәсіпорын құрылыс пен инфрақұрылым, машина жасау, энергетика, металлургия, тау-кен және мұнай химиясы өнеркәсібі салаларында инжинирингтік қызмет көрсету ісіне маманданған.



Кәсіпорынды аралау барысында Мемлекет басшысына құбыр жүргізу кезінде қолданылатын арматураларды, насостық құрал-жабдықтарды, электротехникалық өнім мен блокты-модульдік ғимараттарды дайындау үдерісі таныстырылды.


Нұрсұлтан Назарбаев кәсіпорын ұжымымен де кездесіп, әңгімелесті.



Елбасы Шығыс Қазақстан облысының өнеркәсіптік әлеуеті мен даму қарқынын атап өтті.


«Өңірде өнеркәсіп саласы өркендеп, индустриалды бағдарлама аясында 46 жоба жүзге асырылды. Жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп жатқан кәсіпорындар салынуда. Атап айтқанда, 7500-ге жуық адам жұмысқа орналасты», - деді Мемлекет басшысы.



Соңында Нұрсұлтан Назарбаев кәсіпорын жұмысшыларына табыс тілеп,  өндірістік көрсеткіштердің одан әрі арта беруіне ниеттестік білдірді.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив