KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 1,5 м/с, В
481.84 531.33 5.07

Елбасы өңірдің индустриялық даму жағдайымен танысты

21.06.2012, 18:00 163


Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысында болды. Сапарының басты мақсаты - өңірдің индустриалдық даму бағытымен танысу деп хабарлайды Altaynews тілшісі. Сапар барысында Елбасымен облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бірге жүрді, деп хабарлайды Altaynews.kz меншікті тілшісі.

Мемлекет басшысы Өскемен қаласындағы «Өскемен арматура зауыты» АҚ, «КЭМОНТ» ЖШС-де, бизнестің жауапкершілігі аясында ашылған хоккей модулінде болды.

Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасына енген «Өскемен Арматура зауыты» АҚ - Қазақстан Республикасында кең спектрлі мұнайгаз өнімдерін шығаратын бірден-бір кәсіпорын болып табылады.

Өңірде Индустрияландыру картасы бойынша 2010-2011 жылдары 154 млрд. теңгені құрайтын 21 жоба іске асырылды. 8 кәсіпорынның жобалық қуаты 50 пайыздан 100 %-ға өсті.

Арматура зауытында 2009 жылдан бастап «Өндіріс қуатын қайта жаңғырту» жобасы іске асырылуда. Оның жүзеге асуы өнім қуатын арттыруға, өндірілген өнім санын 8900 данаға жеткізуге, жылына 6500 млн теңгені құрайтын сауда өнімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Италия мен Чехиядан өнімнің сапасын артыруға мүмкіндік беретін 9 техникалық қондырғы сатып алынды.

Елбасы өңірдің индустриялық даму жағдайымен таныстыКәсіпорынның қуаттылығымен танысқан делегация назарына Үдемелі индустриалды-инновациялық даму, шағын қалаларды дамыту және қолжетімді тұрғын үй мемлекеттік бағдарламаларының жүзеге асырылуы жөніндегі көрме ұсынылды. Ал екінші көрмеде «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының екінші бағыты және Сервистік орталықтың жұмысы таныстырылды.

Елбасының кәсіпорындағы қадамы Шемонаиха ауданымен орнатылған тікелей байланыспен жалғасты. «Камышенское» шаруа қожалығының басшысы Владимир Акулов қожалықтың бүгінгі табысы және ауданның әлеуметтік дамуы жөнінде баяндады.

Соңғы үш жылда шаруа қожалығы 900 млн теңгеге толығымен ауылшаруашылық көліктері мен қондырғылар паркі жаңартылды.

Жылына 11,5 тонна сүт өндіріледі. Жалпы өнім бір жұмысшыға шаққанда 22 мың АҚШ долларын құрайды.

Жыл сайын қожалық аудан мен ауылдың әлеуметтік дамуына 40 миллион теңге бөледі. Жас отбасыларға 40 тұрғын үй салды. Шаруа қожалығының жұмысшыларына 3-5 млн теңге көлемінде пайызсыз несие беріледі. Сауыншылардың жалақысы 120 мың теңгеге, механизаторлардың жалақысы 200 мыңға дейін жетеді. 7 жас маман «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында жұмысқа орналасты.

Камышенка тірек ауылын дамытуға 53 жаңадан жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 136,7 млн теңге бөлу қарастырылуда. Өз кезегінде әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға «Камышенское» ЖШС 97 млн теңге бөлмек.

«КЭМОНТ» ЖШС-де делегация электротехникалық құрал-жабдықтарды құрастыратын кәсіпорын цехының қуаттылығымен танысты.Кәсіпорын жоғары және төмен вольтты реверсор, кешенді трансформатор сияқты электр қондырғыларын өндіреді. Олар - металлургия, атом, химия, тау-кен, мұнай және газ, энергетика, ауылшаруашылық, тұрғын үй өндірісінде қолданылады.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы «Қазақмыс» ЖШС-мен әлеуметтік жауапкершілік жөніндегі меморандумы ( 275 млн теңге) аясында салынған жасанды мұз айдыны жабық хоккей модулінде болды.

Талғат Жайлауов - спорт шебері, хокейден Қазақстан ұлттық командасының капитаны Президентке өз алғысын жеткізді.

Мемлекет басшысы өскемендік хоккей мектебінің тәлімгері Сағымбаев Русланға (11 жас) хоккей клюшкасын сыйға тартып, өз қолтаңбасын қалдырды.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив